Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қостанайда жол апатын жасап, қашпақ болған мас жүргізуші ұсталды

27 Шілде 2025, 13:47
786
Бөлісу:
 ІІМ телеграм-арнасы
Фото: ІІМ телеграм-арнасы

Қостанайда жол апатын жасап, оқиға орнынан қашпақ болған мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ІІМ телеграм-арнасы таратқан мәліметке сәйкес, 26 шілдеге қараған түні TANK 300 көлігін мас күйде басқарған 57 жастағы ер адам жол ережесін өрескел бұзып, жол апатына себеп болды.

Ол бағдаршамның тыйым салынған белгісіне тоқтамай, алдымен қоршауға, кейін ВАЗ-2115 көлігіне соғылған. Материалдық шығын келтіріліп, жүргізуші оқиға орнынан жасырынбақ болған.

Полиция тексеру кезінде оның орташа дәрежеде мас болғанын анықтады. Куәгерлер көліктің жолда теңселіп жүргенін айтып, болған жайтты GTA ойынымен салыстырған.

Ер адамға ӘҚБтК-нің төрт бабы бойынша хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылып, жүргізуші айықтырғышқа жеткізілді. Іс сотқа жолданды.

Полиция азаматтарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы