Қостанайда Жеңіс күнін қалай тойлады?

9 Мамыр 2023, 19:46
1606
Бөлісу:
Қостанайда Жеңіс күнін қалай тойлады?
PHOTO
Фото: автордан

Бүгін ел аумағында Жеңіс күні аталып өтуде. Биыл Қостанайда тұңғыш рет Жеңіс саябағында болып жатқан мерекелік шараларды қала орталығында орнатылған экран арқылы тікелей эфирде көруге мүмкіндік туды, деп хабарлайды BAQ.KZ сол өңіріндегі тілшісі.

Бүгін, 9 мамыр әтеттегідей бұрынғы одақтас елдердің барылығы фашизмді жеңгеннің 78 жылдығын атап өтуде. Қостанайлықтар да бұл мерекеден шет қалмай, шама-шарқынша атап өтті.

Қостанай қаласының тұрғындары таңғы сағат тоғыздан бастап Жеңіс көшесінің бойында тізіліп сапқа тұра бастады. Тұрғындардың сапқа тұруының басты себебі, кешегі қан майданда Отан үшін жан берген сарбаздардың рухына тағызым жасап, ескеркішке гүл шоқтарын қою еді. Жиналғандардың басым бөлігі қолдарына өздерінің майдангер әкелерінің, аталарының немес арғы аталарының портреттерін ұстап «Жеңіс» саябағын бетке алды. Ал кеуделеріне таққан көк лента бейне бір бейбітшіліктің белгісіндей жарасып тұр. Сапта тұрғындар бірі-бірі танымасада қан майдандағы аталарының көзсіз еріліктерін айтып, әсерлерімен бөлісіп жатты.

Қостанайда Жеңіс күнін қалай тойлады?

«Бұл біздің әкеміз Тукун Исенғалиев, - Фин және Ұлы Отан соғысына қатысты. Жеті жыл майданда байланысшы болды. Ол «Қызыл жұлдыз» ордені, бірінші дәрежелі «Даңқ ордені», Будапешті, Бухаресті, Венаны азат еткені үшін медалідармен марапатталған. Әкем соғыстан аман-есен оралып, 87 жыл өмір сүрді. Менің анам Дәмет Исенғалиевада Челябі облысында еңбек армиясында болған. Ол вагондардан көмір түсіріп, тиген. Біздің отбасы олардың ерлігін мәңгі есте сақтайды. Жыл сайын ауа райының тосын мінезіне қарамастан Жеңіс саябағына келеміз. Рухтарына бас иіп, тағызым жасаймыз», - дейді қос ардагердің қызы Мария Қатпенова.

Қостанайда Жеңіс күнін қалай тойлады?

Сағат тура онда ардагерлер саябаққа баратын «Автодом» ұсынған жап-жаңа Chevrolet, JAC және Volkswagen көліктерімен келе бастады. Осылайша ардагерлер бас болып, халық «Жеңіс» саябағын бетке алды. Кешегі сұрапыл соғыстың көзі тірі батырларының соңынан Алексей Губенконың жетекшілігімен үрмелі аспаптар оркестрі сырнайлатып сап түзеді. Олардың алтын түстес қызыл түсті костюмдері қала тұрғындарының көзіне алыстан оттай басылды.

Қостанайда Жеңіс күнін қалай тойлады?

«Жеңіс» саябағына бірінші болып ардагерлер, олардың балалары мен немерелері, жергілікті билік өкілдері, әскери киімдегі қызметкерлер кірді. Осы сәттен бастап «Жеңіс» күніне арналған салтанатты шара басталып кетті.

Дәстүр бойынша бірінші сөзді облыс әкімі Құмар Ақсақалов алды. Ол соғыс жылдарында бір млн екі жүз мыңнан астам қазақстандық майданға аттанғанын еске салды. Олардың жартысы майдан даласынан оралмаған. Сол жылдары Қостанайдың өзінен жетпіс бес мыңға жуық адам қолға қару алуға мәжбүр болыпты.

Қостанайда Жеңіс күнін қалай тойлады?

«Біріншіден, 9 мамыр құрбандарды еске алу күні. Біз сұм соғыстың әкелген зардабын еш ұмытпауымыз керек. Бұл күн біз үшін аталарымыздың төгілген қанымен қымбат. Осында мекендеп жатқан әрбір отбасының тарихының бір бөлігі. Ұлы Жеңіске біздің жерлестеріміз де сүбелі үлестерін қосты. Мысалы, Баймағамбетов, Темірбаев, Сьянов, Яровой және т.б. аталармыздың көзсіз ерілігі талай ұрпақтың тамсанып айтар тарихы. Оның сыртында, Қостанай жерінен отыз бір Кеңес Одағының Батыры шықты. Отыз мыңнан астам жерлестеріміз майдан даласындағы ерліктері үшін түрлі әскери наградалармен марапатталды. Қостанайда жасқталған жүз елу бірінші жеке атқыштар бригадасының жауынгерлері бүкіл Еуропаны азат етіп, Берлинге дейін жетті. Олар бүкіл Одақ үшін Жеңіс символына айналған жалауды Рейхстагта желбіретті»,- деп атап өтті облыс әкім Құмар Іргебайұлы.

Қостанайда Жеңіс күнін қалай тойлады?

Одан кейін барлық ардагерлер атынан қостанайлықтар алдында қаланың құрметті азаматы, ардагер Михаил Иванович Подоляков сөз сөйледі.

«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығы құтты болсын. Бұл соғыс біз үшін өте қиын болды. Қаншама қарулас достарымыздан айырылдық. Қаншама отбасы қара жамылып, жетім мен жесірдің жасы құрғамады. Бірақ біз әділдік пен бейбітшілік жолдағы күресте жеңіске жеттік. Біз секілді ардагерлерді ұмытпағандарыңызға рахмет. Бейбіт өмір сүріп жатқанымызды бағалайық», - деп тебіренді ардагер Михаил Иванович.

Қостанайда Жеңіс күнін қалай тойлады?

Соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған мемориалға бірінші болып ардагерлер, облыс және қала әкімдері гүл шоқтарын қойды. Одан кейін Ауған соғысына қатысушылар, әскери қызметшілер тағызым етті. Артынша саябаққа келіп, тағызым жасаған қостанайлықтардың санында шек болмады.

Саябақтың ішіндегі орталық стадионның жанында қостанайлықтар кәдімгі солдат ботқасынан дәм татуға мүмкіндік алды.

Қостанайда Жеңіс күнін қалай тойлады?

Түс ауғанша «Жеңіс» саябағына ағылған қостанайлықтар «Мәңгілік алау» басына тұрып, мемориалға гүл шоқтарынқойып, бейбіт өмір сыйлаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, Ұлы Отан соғысының көзі тірі батырларына денсаулық тілеп жатты.

Өзгелердің жаңалығы