Қостанайда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, үш адам ауруханаға түсті

29 Наурыз 2022, 23:58
1445
Бөлісу:
Қостанайда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, үш адам ауруханаға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыкөл кентінің үш тұрғыны түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

29 наурызда сағат 10:30 шамасында Тобыл қаласынан 3 шақырым қашықтықтағы Қостанай-Сарыкөл М-36 тас жолында жол апаты орын алды.

УАЗ-3962 жедел жәрдем көлігінің 26 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, кюветтен ұшып кеткен.

Тергеу шаралары қолға алынды.

Өзгелердің жаңалығы