Қостанайда жаңадан жылу құбыры салынады

19 Маусым 2023, 21:50
608
Бөлісу:
Қостанайда жаңадан жылу құбыры салынады
Фото: baq.kz

Қостанайда жылу құбырын ауыстыруға 980 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл ақшаға «Әуежай» шағын ауданындағы бір шақырымға жуық жылу жүйесі жаңартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен қыста осы желі бойында жиі апат болған еді. Тұрғын үйлер, мектеп, әуежай жылусыз қалған. Ал жаңа шағын аудандағы жылу желісі жеті жыл бұрын ғана салынған. Бірақ жер асты суы жақын болып, қапталмаған темір құбырды тот басып, тез шіри бастаған.Жобалау кезінде геологтар мұны ескермегенге ұқсайды. Сондықтан әдеттегі темір құбыр қолданылған. Енді оны ылғалға төзімді материалға ауыстырып жатыр. Жаңа желінің кепілдік пайдалану мерзімі 25 жыл. Мердігер жұмысты күзге дейін аяқтауға уәде берген.

Ылғалдан барынша оқшауланған құбыр салып жатырмыз. Ол көбікті полиуританмен қапталған, одан кейін сыртынан полиэтиленмен оралған. Жер асты суы көтерілсе де, полиэтилен құбырды ылғалдан қорғайды. Ал көбікті полиуритан жылу жібермейді. Сондықтан бір жағынан тоттанудан сақтап,екіншіден жылу үнемдейміз, – жылу энергетикалық компаниясы директорының міндетін атқарушы Вячеслав Плотников.

Өзгелердің жаңалығы