Қостанайда су басу қаупіне байланысты эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицейлер мен құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп "Мичуринец", "Садовод" және «Дорожник» бау-бақша қоғамының тұрғындарын эвакуациялады.
Барлығы 215 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.