Қостанайда су тасқынымен күресте 2 мыңнан астам жұмыс істеп жатыр

7 Сәуір 2024, 00:44
370
Бөлісу:
Қостанайда су тасқынымен күресте 2 мыңнан астам жұмыс істеп жатыр
Фото: baq.kz

Бұл туралы брифингте Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Асылбек Садуов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірде су тасқынына байланысты ахуал күрделі. Тобыл өзені аумағынан 4 мыңнан астам эвакуацияланған.

Ресей жағынан және өзіміздің су қоймалардағы судың көптігінен Тобыл өзені көтерілді. Әлі күнге дейін адамдарды құтқару және сол маңдағы халықты эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 4 мыңнан астам адам құтқарылды. Жеке құрам және волонтер, өзіміздің ПД, сырттан келген Қызылорда, Қарағанды әскери қызметкерлері, жалпы саны 2 мыңнан астам адам қызмет жасауда. 372 техника жұмылдырылған. Қостанай облысы және қаласы бойынша тұрақты күрделі деп айтуға болады, - деді Қостанай облыстық ТЖД басшысының орынбасары.

Айта кетейік, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында республикалық ақпараттық штаб жұмыс атқаруда.

Өзгелердің жаңалығы