Қостанайда су қоймалары бақылауға алынды

10 Сәуір 2024, 16:54
451
Бөлісу:
Қостанайда су қоймалары бақылауға алынды
Фото: ТЖМ

Бүгінде облыста Қостанай қаласында, сондай-ақ Қостанай және Қарасу аудандарында 161 жеке үй су астында қалы, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысында су тасқыны кезеңінде 9099 адам, оның ішінде 1808 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Уақытша орналастыру пункттерінде 441 адам, оның 181 бала бар. 8 658 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Қаратомар, Жоғарғы-Тобыл, Желқуар және Амангелді су қоймалары бақылауға алынды.

Тобыл өзеніндегі су деңгейі 60 сантиметрге төмендеді.

Еріген қар суын сору және қаптарды төсеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

Тек өткен тәулікте облыс бойынша 21 400 м3 еріген қар суы сорылып, 6 120 қап төселіп, 300 тонна инертті материалдар төгілді.

Қостанай облысының барлық ауданында барлығы 2655 адам мен 438 техника, 132 мотопомпа, 28 жүзу құралы, 6 ұшақ жұмылдырылған.

Республикалық және облыстық жедел штабтар тәулік бойы жұмысын жалғастыруда. Су тасқыны басталғаннан бері жедел желі телефонына 201 қоңырау түсті.

Өзгелердің жаңалығы