Қостанайда сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті

6 Ақпан 2023, 20:20
1251
Бөлісу:
Қостанайда сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті
PHOTO
Фото: автордан

Қостанай  қаласындағы Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінде 145 жас сарбаздың салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі өтті деп хабарлайды BAQ.KZ сол өңірдегі тілшісі. 

Отан алдындағы борышын абыроймен атқаруға Тобыл жеріне табан тіреген сарбаздардың басым бөлігі - еліміздің түпкір-түпкірінен келген тепсе темір үзер жігіттер. Осынау ерекше салтанатты жиында сарбаздарға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдіру үшін Қостанай қаласының әкімдік,  ҚР Ұлттық ұлан  «Орталық» өңірлік қолбасшылығының басшылығы, бөлімнің ардагерлер құрамы мен сарбаздардың ата-аналары арнайы келіп, қатысты. 

Қостанайда сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті

Ел алдында ант қабылдау - нағыз ерлердің ісі. Қабылдаған күннен бастап әрбір саптағы жауынгер Республикамыздың алдында әскери қызметкері атанып,  елін қорғау жолындағы міндеті жүктеледі. Анттарыңа адал болыңдар сарбаздар!, - деп тілек білдірді құттықтау сөзінде 6697 әскери құрамының командирі полковник Талғат Әбдіров.

Қостанайда сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті

Аталмыш, 6697 әскери бөлімі 51  жыл көлемінде Қостанай, Жетіқара қалаларында  сотталғандарды түзеу мекемесін күзетумен қатар  қаламыздың ішкі тәртібін қорғау жолында аянбай тер төгіп, қызметтерін абыроймен  атқарып келеді. 

Қостанайда сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті

Осынау салтанатты жиын барысында ұлдары сарбаз атанып, Отан алдындағы борышына кіріскен жауынгерлердің ата-аналарымен тілдесудің сәті туды.  Солардың бірі – Мұратбек Хажбанұлы ағамыз. Оның ұлы Мустафин бүгін жас сарбаз атанды.

Қостанайда сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті

Әрбір ата-ана үшін баласының ат жалын тартып мініп азамат болуы - абырой. Бүгін біздің ұлымыз Мұстафин Мұратбекұлы Отанын қорғауға ант берді. Антына адал болып үлкен азамат болуына тілектеспін.Оның ұстіне ұлымның Қостанай  қаласындағы Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінде борышын өтеуі, біз үшін үлкен мақтаныш,- дейді Мұратбек ағамыз.

Қостанайда сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтті
Өзгелердің жаңалығы