Қостанайда құрылыс алаңында жұмысшыға газоблоктар құлап кетті

Оқыс оқиға жаңадан салынып жатқан "Австрийский" тұрғын үй кешенінің аумағында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 "Наша Газета" телеграм-каналы 5 Сәуір 2024 2024, 12:45
5 Сәуір 2024 2024, 12:45
836
Фото: "Наша Газета" телеграм-каналы

Оқыс оқиға жаңадан салынып жатқан "Австрийский" тұрғын үй кешенінің аумағында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Наша Газета" сайтының мәліметінше, Қорған және Қайырбеков көшелерінің қиылысындағы салынып жатқан "Австрийский" тұрғын үй кешенінде жұмысшыға төбеден блоктар құлап кетті. Құрылыс алаңында түсірілген видеода бір топ адамның құрылыс алаңында блоктарды асығыс алып тастап ер адамды құтқаруға әрекет етіп жатқанын көруге болады.

Ер адам дереу облыстық ауруханаға жеткізілді. Жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккен адам көп жарақат алған. 

Наверх