Қостанайда қар құрсауында қалған балықшы табылды

Қостанай облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған балықшыға көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Арман Мухатов  -архив 6 Ақпан 2025 2025, 05:28
6 Ақпан 2025 2025, 05:28
689
Фото: -архив

Қостанай облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған балықшыға көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Қостанай ауданы Аққабақ ауылының маңында қар құрсауынан Аққабақ көлінде балық аулаған 1973 жылы туған ер адам құтқарылды. Ал жолдың тазартылған учаскесіне жеңіл автокөлігі шығарылды.

Құтқарылған адам медициналық көмекке мұқтаж болмады, - деп атап өтті ведомстводан.

Құтқарушылар қала сыртына шығар алдында ауа райын ескеріп, өз бағыты туралы туыстарына алдын ала хабарлау қажеттігін ескертеді.

Наверх