ТЖМ құтқарушылары жолшыларды қар құрсауынан босатты, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Қостанай облысының 112 қызметіне адамдар бар жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, өз бетінше шыға алмай қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Құтқарушылар Амангелді ауданының Үрпек ауылынан 50 шақырымына дереу жолға шықты.
Жеңіл көлік жолдың тазартылған бөлігіне сүйретілді. Құтқарылғандарға медициналық көмек және эвакуация қажет болмады, - делінген хабарламада.
ТЖМ ауа-райының қолайсыздығында тек үлкен жолдар мен тас жолдармен жүру керек екенін еске салады.
Оқи отырыңыз: