Қостанайда құтқарушылар қар құрсауынан 4 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Өңірдегі Сарыкөл ауылынан 20 шақырым жерде жергілікті маңызы бар тас жолда қар құрсауында қалған 4 азаматқа құтқарушылардың көмегін қажет еткен.
ТЖМ қызметкерлері Жаңа ауылына 4 адамды, оның ішінде 2 баланы аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады, - деп атап өтті министрліктен.
ТЖМ азаматтарға қыс мезгілінде жүру кезінде сақтық шараларын сақтау және жолдардағы ықтимал қолайсыз жағдайларға дайын болу қажеттігін ескертеді.