Қостанайда өсімдік және мал шаруашылығы саласына 35 млрд теңге инвестиция тартылған

16 Маусым 2023, 18:33
537
Бөлісу:
Қостанайда өсімдік және мал шаруашылығы саласына 35 млрд теңге инвестиция тартылған
Фото: ОКҚ

Қостанай облысында өсімдік және мал шаруашылығы саласына 35 млрд теңге инвестиция тартылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Біздің алдымызда өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемдерін ұлғайту міндеті тұр. 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында өнімнің жалпы шығарылымы 106,9 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 104,1%. Салаға 44% өсімімен 35,0 млрд теңге инвестиция тартылды. Негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің, тұз, күріш және қантты қоспағанда, қалғаны өзімізде өндіріледі, - деп атап өтті өңір басшысы.

Сондай-ақ әкім жыл сайын көбірек өнім шығаруды мақсат тұтып отырғандарын алға тартты.

Мысалы, биыл майлы дақылдар егісі 750 мың гектарды құрады. Жарма алқаптары 5,8%-ке, оның ішінде қарақұмық 8,1 пайызға ұлғайтылды, - деді Құмар Ақсақалов.

Өзгелердің жаңалығы