Қостанайда өртенген қару-жарақ дүкені директоры елордаға жеткізілді

7 Қыркүйек 2022, 02:34
1446
Бөлісу:
Қостанайда өртенген қару-жарақ дүкені директоры елордаға жеткізілді

Қостанайда өрттен зардап шеккен «Оружейная палата» қару-жарақ дүкені директоры санитарлық авиациямен Нұр-Сұлтанға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Костанайские новости» басылымына сілтеме беріп.

Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, санитарлық авиация желісі арқылы дүкендегі өрттен зардап шеккен ер адам Нұр-Сұлтандағы көпбейінді ауруханалардың біріне жеткізілген.

Дүкен директорының жағдайы тұрақты ауыр екені атап өтілді. Денесінің 50 пайызын күйік шалған науқасты емдеу жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы