Қостанайда үш қабатты әкімшілік ғимараттан өрт шықты.
Өрт үш қабаттағы кабинеттерге, ғимараттың сыртқы қаптамасы мен шатырына тараған. Сондай-ақ екі автокөлік өртенді.
Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар екінші қабаттан әйел адамды тапты. Оны құтқару қалпағының көмегімен ғимараттан алып шықты. Зардап шеккендер жоқ.
Өрт 900 шаршы метр аумақта сөндірілді.
Оқиға орнында ТЖД-ның 70-ке жуық қызметкері мен 15 техникасы жұмыс істеді. Өртті сөндіруге Жедел-құтқару жасағы мен Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары, полиция, жедел жәрдем және қалалық қызметтер жұмылдырылды, – деп мәлімдеді облыстық ТЖД.
Өрт сөндірушілердің жұмысына екпіні секундына 13 метрге дейін жеткен қатты жел мен ғимараттың жанғыш сыртқы қаптамасы кедергі келтірді.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.