Қостанайда Наурыз қалай өтті?

22 Наурыз 2023, 20:24
877
Бөлісу:
Қостанайда Наурыз қалай өтті?
Фото: Наш Костанай

Қостанайлықтар Ұлыстың ұлы күнін Қыдыр атаның батасынан бастап, жайылған мол дастархандағы наурыз көжемен, астатөк бауырсақпен, тарихи тұлғалардың саханалық атты шеруімен, қаздай тізіліп тігілген киіз үйлерде думандатып тойлады, деп хабарлайды BAQ.KZ сол өңірдегі тілшісі.

Қостанайдағы Наурыз тойы облыстық әкімдіктің алдында құрылған сахнасында басталды. Мерекеге әдейі келген қала тұрғындары мен қонақтары бұл жерде жергілікті өнерпаздармен бірге тамылжыта ән шырқап, мың бұрала би биледі. Мерекенің басты белгісі наурыз көжеден дәм татып, Қыдар атаның батасын алды.

Қостанайда Наурыз қалай өтті?

 

Қала тұрғындары үшін мерекенің басты жаңалығы «Тарихи тұлғалардың керуені» болды. Тобыл – Торғай жерінде кіндігі кесіліп қазақтың қайталанбас тұлғаларының бейнесін айнытпай сомдаған тарихи керуенді көргендер еріксіз таңдай қағып жатты. 

Қостанайда Наурыз қалай өтті?

Тарихи тұлғалардың арасынан Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Амангелді Иманов, Бейімбет Майлин, Ілияс Омаровтардың айнымаған бейнесін көргендер өздерін сол дәуірде жүргендей сезініп жатты.

Осыдан кейін облыс тұрғындарын  өңір басшысы Құмар Ақсақалов мереклерімен құттықтады. Ол Наурыз мейрамы қашанда татулық пен келісімнің символы болғанын ерекше атап өтті.

Қостанайда Наурыз қалай өтті?

Геосаяси жағдайға қарамастан, еліміздің және өңіріміздің экономикасы даму үстінде. Мұның барлығы біздің инвестиция тарту саясатымыздың арқасы. Оның үстіне сәуір айында біз үлкен инвестициялық форум өткіземіз, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен және басқа елдерден кәсіпкерлер келеді, - деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Қостанайда Наурыз қалай өтті?

Ұмай ананың отпен аластау  рәсімі мен Қыдыр атаның батасынан кейін қостанайлықтарға киіз үйлердегі мерекелік дастархандардан дәм татқызып, наурыз көже таратылды. Осы жылы бір ғана орталық алаңның өзіне отызға жуық сәні мен салтанаты келіскен киіз үйлер тігілді.

Киіз үйдің ішіне ең шыдамды адам ғана кіре алды, өйткені жақсыны көрмекке жиналғандардың қарасы өте көп болды. Бірақ сыртта да тойға жиналған елдің  көңілін көтеруге барлық жағдай жасалған.

Қостанайда Наурыз қалай өтті?

Бір киіз үйінің жанында арқан тартыс, келесілерінде  тоғызқұмалақ, асық ату ойындары ұйымдастырылып, жеңімпаздарға қомақты сыйақылар беріліп жатты. Қазақтың «Жеті қазынасына» кіретін жүйрік ат пен құмай тазысын да осы арада кездестіруге болады. 

Қостанайда Наурыз қалай өтті?

Қаздай тізілген киіз үйлер сайысында сәні-мен мәні келіскен «Асалия» ЖШС тікен ақбоз үйге тең келері болмады. Екінші орынды «Халық банкі» ұжымы, үшінші орынды полиция департаментінің ұжымдары иеленді.

Қостанайдағы Наурыз тойы он күн бойы тойланып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы