Қостанайда Музей түні қалай өтті

19 Мамыр 2023, 13:45
1238
Бөлісу:
Қостанайда Музей түні қалай өтті
PHOTO
Фото: автордан

Қостанайда «Музей түні - 2023» шарасы барысында көрермендер «Уэнсдейге» билеп, көріпкелдерге болашағын болжатып, корольдік питонмен суретке түсті, деп хабарлайды BAQ,KZ өңірдегі тілшісі.

Бұл шара Тобыл өңірінде 2010 жылдан бастап ұйымдастырылып келе жатыр. 18 мамырда бүкіл әлем «Музей күнін» атап өтеді. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ұжымы осымен 13-ші рет қостанайлықтармен бірге кәсіби мерекесін атап өтті.

Қостанайда Музей түні қалай өтті

«Музей түні - 2023» шарасының ашылу салтанатында облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директоры Батырхан Жұмабаев бұл жолғы бағдарламаның мазмұнды болатынын атап өтті. Келген көрермендер арасында лотерея ұйымдастырылды.

Қостанайда Музей түні қалай өтті

Өздеріңіз көріп тұрсыздар бүгін біздің кәсіби мерекеміз ретінде санауғада болады. Қостанай жеріндегі мұражай ұжымдары арасында осынау ерекше күнді халықпен бірге атап өтетін жақсы үрдіс қалыптасты. Биылығы «Музей түні» шарасын барынша мазмұнды, қызықты етуге тырыстық. Егер шара елдің көңілінен шығатын болса, келесі жылы біз оны бұдан да ауқымды етіп жасаймыз, - дейді облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директоры Батырхан Жұмабаев.

Бұл жолы бағдарлама әдеттегіден ерте – 16:00-де басталды. Мерекелік шараның беташары кішкентай бүлдіршіндерге арналды. Онда балалар викторинаға қатысып, қуыршақ театры мамандарының шеберлік сағатын тамашалап, би биледі. Әсіресе ди-джейге рэп орындаушысы Инстасамканың тректері, тик-токер Даня Милохин «Уэнсдейден» ән орындалды.

Мерекеде нағыз сенсацияны корольдік питон жасады. Барлық адам бауырымен жорғалаушыны қызыға тамашалап, онымен суретке түсуге кезекке тұрды.

Жыландарды өсіру менің қызықты ісімнің бірі. Мен оларды өзім ұстап, сатумен айналысамын. Айтпақшы, корольдік питон жаңадан жылан өсіруді бастағандар үшін өте қолайлы. Ол қарапайым жануар. Оған террариумда +25 ° C температурада ыңғайлы, - дейді ерекше жылан иесі Александр Соловьев.

Питонның жанында кесірткелер мен хамелеон орналасқан. Кез келген гүлдің түрін де осы арадан табасыз. Оларды қолайлы бағаға сатып алуға болады.

Қостанайда Музей түні қалай өтті

Екінші қабатта Екінші дүниежүзілік соғысқа арналған экспозициялық залда алғаш рет көрермендердің көздерін байлап тастап экскурсия жасалды. Бұл жерде бір жолда қала тұрғындарын жеті адам кіргізіп, қостанайлықтардың жеңіске қосқан үлесі туралы деректер айтылды. Олар экспонаттарды, 151-атқыштар бригадасының жауынгерлеріне тиесілі қалпақ пен касканы саусақтарымен сезініп, қандай жәдігер екенін тауып отырды. Әрі мұражай қызметкері Эльвира Котованың соғыс жылдарындағы аянышты тағдырлар жайында әңгімесін тыңдады.

Атыс дыбыстары бәрі шынайы болды. Кейбір сәттер қорқынышты болды. Әсіресе жау қолындағы тұтқындардың өмірін естігенде еріксіз көзге жас аласың, - дейді Ольга Очеретяная өз әсерлерімен бөлісіп.

Көрші залда философия ғылымдарының профессоры әрі атақты дойбы ойынының шебері Юрий Яковлевич Бондаренко бастаған аға буын өкілдері зияткерлік спорт төңірегіне жиналды. Ақсақалдар логикалық ойында өзара мықтыны анықтауға шешім қабылдапты. Олар балаларға арналған шеберлік сабақтарын өткізуге уақыт тапты.

Ал, бірінші қабаттың кіреберісінде көріпкел болып тұрған мұражай әдіскері-тарихшы Евдокия Суряднова қостанайлықтардың назарын еріксіз өзіне аудартты.

Қостанайда Музей түні қалай өтті

Мен 13 жыл бойы әр «Музейдегі түнде» көріпкел болып, болжам жасап келемін. Ол өте сәтті болуда, бірде жас жұбайлар жасырып қойған кілтті суырып алды. Мен оларға пәтерді ұтып алатынын айтым. Олар бір жылдан кейін қайта оралып, маған рахмет айтты. Ал, тағы бірде жас жұбайлар жасырылған зәкірді таңдады. Мен оларға алысқа демалысқа баратынын жеткіздім. Шамалы уақыттан кейін олардың жағдайы дұрысталып, демалуға шетелге ұшып кетті. Мен әзіл ретінде болжасам да, бірақ, көріп тұрғаныңыздай көбі дөп келіп жатады,- дейді Евдокия Суряднов.

Бірінші қабатта сиқыршының өнерін тамашалап, саздан құмыра жасап, тіпті өз портретін Қостанай облысы суретшілер одағының төрағасы Вадим Быковқа салдыртып алып жатқандардың қарасы қалың болды.

Қостанайда Музей түні қалай өтті

Музейдегі үлкен зал шеберлерге беріліпті. Мұнда шеберлердің қолынан шыққан ойыншықтар, кестелер, әшекейлер, ұлттық киімдер көздің жауын алады. Тұрғындарға шебер Райхан Арыстанованың өнімдері ұнады. Ұлттық киім киген шебердің жасаған әшекей бұйымдарын саудалап жүр екен.

Қостанайда Музей түні қалай өтті
Қостанайда Музей түні қалай өтті

Олар арнайы тот баспайтын металдан жасалған. Алқа, сырға, блезіктер кез келген талғамға арналған. Мен қызыма осыған ұқсас жиынтық сатып алдым. Содан кейін оны өзім де істей алатынымды түсіндім. Мен бала кезімнен іс тігемін. Оның сыртында әжелер хорда ән айтамын, - дейді шебер әже Райхан Арыстанова.

 

Өзгелердің жаңалығы