Қостанайда көпірлер мен өткелдерде жарықдиодты шамдар орнатылуда

26 Сәуір 2023, 21:48
894
Бөлісу:
Қостанайда көпірлер мен өткелдерде жарықдиодты шамдар орнатылуда
Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі

Қостанай облысының жолшылары автомобиль көпірлері мен жол өткелдерінде жарықдиодты шамдарды орнатуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандар түнгі уақытта қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін Қостанай өңіріндегі республикалық трассалардың бойындағы жол өткелдері мен көпірлерге заманауи жарықдиодты шамдарды орнатып жатыр. 

Бұл жұмыстармен өңірдегі республикалық маңызы бар күре жолдардың бойында орналасқан барлық көпірлер мен жол өткелдерін қамту көзделген. Қолға алынған шара бірнеше кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезең аясында "ҚазАвтоЖол" ҰК "АҚ облыстық филиалы жарықдиодты шамдарды Қостанай қаласының айналма жолында және тәулігіне 15 мың көлік жүретін "Қостанай-Рудный" күре жолында орнатады. Алғашқыда алты жол өткел жарықтандырылады.

Жарықдиодты шамдар Р-38 Қостанай қаласының айналма жолының 3 шақырымында орнатылды (Мичурин көлік айрығы).

Өзгелердің жаңалығы