Қостанайда колонияға нанға салып ұялы телефон өткізбек болды

31 Қазан 2024, 19:44
317
Бөлісу:
Қостанайда колонияға нанға салып ұялы телефон өткізбек болды
Фото: polisia.kz

Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №38 мекемесінде тыйым салынған затты мекемеге жасырын жолмен өткізуге талпыныс тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Сәлемдемелерді тексеру барысында мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері сотталған адамға арналған нанның ішіне жасырылған ұялы телефонды анықтап, тәркіледі. 

Айта кетерлігі, бұл жағдай сәлемдемелерді мұқият тексеріп, бақылау жүргізудің маңыздылығын көрсетеді. Мұндай әрекеттер тыйым салынған заттарды өткізуге деген барлық айла-шарғыларды дер кезінде анықтаудың қажеттілігін айқындай түседі.

Өзгелердің жаңалығы