Қостанайда Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері халық арасында кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Терроризмге қарсы орталығының ресми сайты жазды.
Түсіндіру жұмыстарымен өңірдің әртүрлі нысаналы топтары қамтылды. Олардың қатарында ҚР Ұлттық ұланының №6697 әскери бөлімінің жеке құрамы, "СарыарқаАвтоПром" ЖШС қызметкерлері, олимпиадалық резервтің қалалық мамандандырылған спорт мектебі, спортшылар мен жаттықтырушылар, Денсаулық сақтау саласының мамандары, мешітке келушілер, сондай-ақ еңбекші жастардың өкілдері және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бар.
Дінтанушылар, психологтар және дін саласындағы сарапшылар терроризмнің алдын алу жолдарының негізгі аспектілерін жеткізді.
Аудиторияның назары интернет кеңістігінде діни білім алудың қауіптілігіне бағытталды. Тыңдаушыларға әлеуметтік желілер арқылы террористік ұйымдарға "жалған уағызшылар" мен "жалған білгірлерді" тартудан қалай сақтану керектігі туралы ақпарат беріледі.
Осы іс-шараларға барлығы 600-ге жуық адам қатысты.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай ақпараттық кездесулер деструктивті діни идеологияның қазақстандықтардың санасына әсер ету қаупін азайтуға мүмкіндік береді.