Қостанайда екі жеңіл автокөлік өртеніп кетті

Қостанайда гараж бен оның ішінде тұрған екі жеңіл автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 21 Қараша 2024 2024, 02:32
21 Қараша 2024 2024, 02:32
738
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қостанайда гараж бен оның ішінде тұрған екі жеңіл автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қаладағы Рабочая көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында гараж бен оның ішіндегі екі жеңіл автокөлік өртке оранған.

Оқиға орнына келген жедел-өрт сөндіру қызметкерлері 60 шаршы метр алаңдағы тілсіз жауды сөндірді. Барлау барысында өрт сөндірушілер жану аймағынан газ баллонын эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство ұсынған хабарламада.

ТЖМ тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, жағдайды өртке жеткізбеуді және бұзушылықтарды алдын ала жоюды сұрайды.

Наверх