Қостанай облысында ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 5 адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Белгілі болғандай, Қарасу ауданында 5 адам мінген жеңіл көлік қар құрсауында қалған.
Құтқарушылар қар құрсауынан көлікті босатып, жолаушыларды Новосолевка ауылына жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады, - делінген ведомство хабарламасында.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.