Қостанайда балалар ауруханасын жөндемеген мердігерге 921 млн теңгені себепсіз аударған

30 Наурыз 2024, 14:05
478
Бөлісу:
Қостанайда балалар ауруханасын жөндемеген мердігерге 921 млн теңгені себепсіз аударған

Қостанай облысының прокуратурасы тексеру комиссиясымен бірлесіп облыстық балалар ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатына тексеру жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2020 жылғы 21 шілдеде «Қостанай облыстық балалар ауруханасы» КМК тапсырыс берушісі мен «Вершина» ЖШС мердігері арасында 1,2 млрд теңге сомасына ғимаратты күрделі жөндеуге шарт жасалды.

Алдағы уақытта мердігердің атына 921 млн теңге аударылды, алайда жұмыс аяқталған жоқ, жасалған шарт бұзылды.

Тексеру көрсеткендей, «Вершина» ЖШС-на ақшалай қаражаттың бір бөлігі жөндеу жұмысын орындағанын растайтын құжатсыз негізсіз аударылған.

Осы факті бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 361-бабы (лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

Өзгелердің жаңалығы