Қостанайда әйелін бензин құйып өртеген ер адамға жаза күшейтілді

Қостанайда бірге тұратын әйеліне бензин құйып, өртеген 35 жастағы ер адамға тағайындалған жаза күшейтілді.

Бүгiн 2026, 16:00
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/ЖИ - Ерболат Бекболат Бүгiн 2026, 16:00
Бүгiн 2026, 16:00
115
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ЖИ - Ерболат Бекболат

Қостанайда бірге тұратын әйелін өртеген 35 жастағы ер адамның жазасы апелляциядан кейін 5 жылдан 7 жылға дейін ұлғайтылды.

Бұған дейін қылмыстық істер жөніндегі сот оны денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп таныған. Тергеу материалдарына сәйкес, ер адам әйелге бензин шашып, кейін өртеп жіберген. Салдарынан жәбірленуші денесінің 35 пайызын күйік шалған.

Алғашқы сот үкімімен айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Мемлекеттік айыптаушы оған 7 жыл жаза сұраған. Сот шешім қабылдау кезінде оның асырауында кәмелетке толмаған баласы барын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерген.

Алайда жәбірленуші апелляциялық шағым түсіріп, жазаны қатаңдатуды талап етті. Істі қайта қараған сот алқасы қылмыс ерекше қатыгездікпен және мас күйде жасалғанын анықтады.

Нәтижесінде сотталған азаматтың жаза мерзімі 7 жылға дейін ұлғайтылып, ол орташа қауіпсіздік мекемесіне жіберілетін болды.

Бұған дейін Павлодарда ер адам бұрынғы әйелінің көлігін өртеуге тапсырыс бергені туралы жаздық.

Наверх