Қостанай облысында рейстік автобус пен жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
9 қазан сағат 7:30-да "Алматы - Екатеринбург" автожолында "Екатеринбург-Рудный" бағытындағы халықаралық рейстік автобустың 68 жастағы жүргізушісі жол жиегінде тұрған Kia Sportage және MA3-551605 көліктерімен соқтығысқан.
Жеңіл көлік пен автобус жүргізушісі, сондай-ақ автобустың 18 жолаушысының бірі зардап шекті. Осы факті бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.