Қостанайда әскери саладағы үздіктерге құрмет көрсетілді

8 Мамыр 2023, 09:25
1614
Бөлісу:
Қостанайда әскери саладағы үздіктерге құрмет көрсетілді
PHOTO
Фото: автордан

Елімізде жетінші мамыр Отан қорғаушылар күні ретінде аталып өтеді. Осыған орай Қостанайдағы 6697 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күні және Жеңісітің 78 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ сол өңірдегі тілшісі.

Салтанатты жиын әскери бөлім командирі полковник Талғат Әбдіровтың еліміздің қорғаныс саласында қызмет етіп жүрген әріптестерін құттықтауымен басталды.  

Қостанайда әскери саладағы үздіктерге құрмет көрсетілді

Содан кейін, қызметінде үздік шыққан жауынгерлерге жеке құрам жоғары қолбасшылығының, бөлім командирі мен Қостанай облысы және қала әкімінің, қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті басшыларының марапаттары табыс етілді.

Қостанайда әскери саладағы үздіктерге құрмет көрсетілді

 Алқалы жиынға арнайы қатысқан ардагерлер де әскери бөлімде ел тыныштығы үшін тер төгіп жүрген жауынгерлерді мерекемен құттықтап, қызметтерін ойдағыдай атқаруға жылы лебіздерін білдірді.

Қостанайда әскери саладағы үздіктерге құрмет көрсетілді

Салтанатты іс-шараның соңы Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 78 жылдығына арналған «Алтын дән» мәдениет үйінің өнерпаздары мен әскери бөлім оркестрдің ұйымдастырған концерттік бағдарламасына жалғасты.

Қостанайда әскери саладағы үздіктерге құрмет көрсетілді
Қостанайда әскери саладағы үздіктерге құрмет көрсетілді

Отанды көзіміздің қарашығындай қорғау - әрбір азаматтың қасиетті борышы. Халқымыздың тәуелсіздік жолындағы ақтаңдақ тарихында әр ғасырдың бедер-белесінде туған ел мен жерді көздің қарашығындай қорғауда ерліктің ерең үлгісін көрсетіп, ұрпақтың азат өмірі үшін жанын пида еткен ата-бабаларымыздың өшпес даңқы мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республикамызда елдік рух, патриоттық тәрбие ең маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қолға алынды. Қазір егемен Қазақстан заманауи қару-жарақ пен құралдарға ие айбынды әскері бар қуатты елге айналды!

 Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасы 6697 әскери бөлімінің қолбасшылығы және жеке құрамы атынан 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күнімен құттықтаймын! Еліміздің жарқын болашағы үшін атқарып жатқан игі істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бақытты ғұмыр тілеймін!,- дейді Қостанайдағы 6697 әскери бөлімінің полковнигі Талғат Әбдіров.

Қостанайда әскери саладағы үздіктерге құрмет көрсетілді
Өзгелердің жаңалығы