Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қостанайда 70 шетелдік азамат қар құрсауында қалған

23 Ақпан 2025, 07:43
526
Бөлісу:
 видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Қостанай облысы Қарабалық ауданының Қайырақ ауылына жақын жерде құтқарушылар Тәжікстан Республикасынан Ресейге бара жатқан рейстік автобустың жолаушыларына көмек көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Автобуста 70 жолаушы, оның ішінде 4 бала болған. Техникалық ақаулықтан дизель жанармайы қатып, көлік құралы жүре алмаған.

Оқиға орнына ЖАО бірлесіп құтқарушылар келді. Жылыту құралының көмегімен жанармайды жылытып, аккумуляторды қоректендірді, содан кейін автобус қозғалысты жалғастыра алды, - деп атап өтті ведомстводан.

Жолаушылардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Құтқарушылар төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне дереу қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы