Қостанайда 26 елді мекен жарықсыз отыр

Бұл туралы ОКҚ-да Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 ТЖМ баспасөз қызметі 12 Сәуір 2024 2024, 11:50
12 Сәуір 2024 2024, 11:50
592
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Бұл туралы ОКҚ-да Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

1414 электр желілерінің 52 жоғары вольттық тірегі зақымдалды. Барлық ірі елді мекендерде электр жабдықтау қалпына келтірілді. Бірақ шамамен 26 шағын елді мекен әлі күнге дейін электр қуатсыз отыр. Қазіргі уақытта смета әзірленді, қажетті материалдар, тіректер дайындалып жатыр, - деді Спанов.

Әкім орынбасарының айтуынша, зардап шеккен халыққа әлеуметтік қолдау жұмыстары су тасқынының алғашқы күнінен басталып, жүргізіліп жатыр.

Бүгінде біржолғы төлемге 1345 өтініш түсті. 715 өтініш бойынша 166 миллион теңге төленді. Өтініштерді қабылдау және төлеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деді ол.

Қостанай облысының 2 қаласы мен 4 ауданында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Бұдан бұрын облыстағы үй мен мал бойынша залал өтеу жұмыстары туралы хабарладық.

Наверх