Қостанайда 12 жастағы баланы автобус қағып кетті

<p>Қостанай қаласында 12 жастағы қыз баланы автобус қағып, мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.</p>

 25 Қазан 2022 2022, 14:00
25 Қазан 2022 2022, 14:00
1357

Қостанай қаласында 12 жастағы қыз баланы автобус қағып, мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы жағдай Абай даңғылында орын алған. 

Көлік қаққан бала оқиға орнында көз жұмды.

Қылмыстық кодекстің 345-бабында қарастырылған «Жолда жүру ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 

Жүргізушінің тұлғасы анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Тәртіп сақшылары азаматтарға жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді.  

Наверх