2024 жылғы 6 сәуірде сағат 21:30 шамасында Тобыл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Р-38 "Қостанай-Жақсы-Қарабұтақ-Қостанай" тас жолының 4 шақырымында жол бөлігін су алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Тасқын ауданы 300 метр, ал биіктігі 40 см құрады.
Облыстық филиал мамандары тәулік бойы кезекшілікті ұйымдастырып, қажетті ескерту жол белгілері, сигналды тіректер мен ілмектер орнатты. Сондай-ақ, жол жиектерін инертті материалдармен және құм салынған қаптармен күшейту жұмыстары атқарылуда.
Аталмыш шараға 5 бірлік техника мен 15 адам жұмылдырылды. Сағат 20:30-дан бері осы учаскеде көлік құралының барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.