Қостанайлық волонтерлер марапатталды

17 Маусым 2020, 20:31
1648
Бөлісу:
Қостанайлық волонтерлер марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Архимед Мұхамбетов коронавирус инфекциясымен күресуде "Biz Birgemiz" республикалық акциясы шеңберінде мұқтаж жандарға көмек көрсеткен белсенді волонтерлерді ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаттарымен марапаттады.

Саланатты шара барысында аймақ басшысы "Jas Otan" жастар қанатының волонтерлері облыс бойынша барлығы 9 мыңнан астам отбасыға азық-түлік, маска және әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізгенін атап өтті.

Қостанайда игі іспен айналысып, карантин уақытында мұқтаж жандарға қолын созған 15 ерікті марапатталған. 

Қайырымды іспен айналысатын қостанайлықтардың географиясы үлкен, облыстың барлық аумағын қамтиды. Жалпы облыс бойынща Елбасы атынан 122 ерікте алғыс хатқа ие болды.

Архимед Мұхамбетов өз кезегінде әрбір еріктіге үлкен алғысын білдіріп, жасалған игі істің маңызы зор екенін атап өтті. 

Коронавирус дертіне байланысты бүкіл әлем жұртшылығы күрделі дағдарысқа ұшырады. Мұны жақсы білесіздер. Коронавирус індеті елімізді, оның ішінде облысымызды да айналып өткен жоқ. Өңіріміздегі карантин салдарына орай біз бүгін ерекше жағдайда кездесіп отырмыз. Жалпы карантин режимі азматтарымызға айтарлықтай қиыншылық туғызды. Дегенмен, облыс тұрғындары осы індетке қарсы күресу үшін жұдырықтай жұмыла білді.Осы ретте сіздердің қосқан үлестеріңіз өте зор. Мұқтаж жандарға азық-түлік апарып беріп, қарт кісілердің үйіне дәрі-дәрмек жеткізіп, блок бекеттердегі күні-түні қызметін атқарып жатқан тәртіп сақшылары мен дәрігерлерге ыстық тамақ апарып үлкен әрі қайырымды істің басы қасында төзімділігк пен қамқорлық танытып жүре білдіңіздер. Сіздерге айтар алғысым шексіз - деді Архимед Мұхамбетов. 

Айта кететін жәйт, облыс меценаттарының қолдауымен 9 мыңнан астам адамға 136 млн.теңгеден асатын сомаға көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, Елбасының бастамасымен құрылған "Birgemiz" қоры мұқтаж азаматтарға 50 мың.теңге көлемінде тікелей ақшалай көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Облыс бойынша 1 млрд теңгеден астам сомаға 21 630 азаматқа осындай көмек көрсетілді.

Өзгелердің жаңалығы