Қостанай облысында халықтық коалиция атынан президентікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізілуде, хабарлайды BAQ.KZ сол өңірдегі тілшісі.
Саяси партия өкілдері мен қоғамдық бірлестіктер кандидаттың сенімді өкілдері ретінде бекітілді. Өңірде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары болып республикалық және облыстық қоғамдық штабқа 51 сенімді өкіл тіркелді.
Бүгінде 21 қазан айында 18:00 ден бастау алған үгіт-насиахат жүмыстары қарқынды. Олар сенімді өкілдердің қатысуымен Қостанай облысының 17 ауданы мен 3 қаласында өткізілуде.
Халықтың түрлі салаларын қамтыған кездесулер ашық әрі еркін форматта өтуде. Бүгінде 30 мыңнан астам халықты қамтыған 623 кездесу шаралары өткізілді, - дейді Тоқаевты қолдау мақсатында құрылған облыстық штап төрағасы Серік Бектұрғанов.