Қостанай қаңғыбас иттерден қашан құтылады

15 Қазан 2022, 09:11
1536
Бөлісу:
Қостанай қаңғыбас иттерден қашан құтылады
PHOTO
Фото: автордан

Қостанай көшелерінде адам зәресін алған бұралқы иттер тұрғындардың бас ауруына айналды деп хабарлайды BAQ.KZ сол өңірдегі тілшісі.

Енді биылғы жылдың 2 наурызында елімізде қабылданған «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңның зардабын  өңір тұрғындары тартуда. Атап айтқанда,  қолданысқа енген сол заң шеңберінде көше көзіп, көрінген қоқысты қопарып, қала берді адамдарға шабуылдауға көшкен қаңғыбас иттерді ұстау ережелеріне өзгерістер енді. Нәтижесінде бұралқы иттерді енді өлтіруге болмайды. Ветеринарлық қызметкерлер қала көшелеріндегі жабайы ит пен мысықты арнайы оқшаулау орындарына апаруы керек. Сол жерде тексеру мен вакцинация өтіп, қажетті зарарсыздандыру, чиптеу жұмыстарын өткізіп, қалаға қайта жібереді. Бірақ Қостанайда бұл жұмыстардың бірі де атқарылып жатқан жоқ деуге болады.

Соның салдарынан бұралқы иттер  адамдарға шабуылдап, мектепке баратын оқушыларды талап кетіп жатыр.

Итке таланған Владимир

Қостанай қаласындағы Киев көшесіндегі № 20 үйдің ауласының қоқыстарын қопарып, тіміскелеп жүретін иттен қауіп келеді деп ешкім ойламаған көріндеді. Қайта бұралқы итке жаны ашығандар жуындыларын беріп жүріпті. 

27 қыркүйек күні кешке  № 3 мектеп-гимназиясының екінші ауысымында оқитын12 жасар Владимир Змиевский ойында еш қауіп жоқ үйіне келе жатқанда бұралқы итке таланып қалады.

Екінші ауысымда оқығандықтан күн батып кеткен кез еді. Мектебім үйдің жанында. Күнде барып-келіп жүргендіктен ойымда еш қорқыныш болған жоқ. Сол күні мектептен шығып көшені өрлей бергенім сол еді. Артымда бір тысырлаған дауыс естілді. Бірден сездім бір иттің маған қарай жүгіріп келе жатқанын. Артыма қарап үлгергенімше  ит келіп қызыл асығымнан тістеп алды. Сол сәтте мен қорықпастан оған қарсылық көрсеттім. Бұралқы ит қашып кетті. Қорқып жата бергенімде ол мені талап, жеп қоятын еді. Ақсақтап үйге келдім. Не болғанын айтқан соң анам екеуміз бірден жедел жәрдеммен ауруханаға келіп, дәрігерлердің тексеруінен өттім. Қазір бірінші екпе салды. Әлі оның бесеуін алуым керек. Осыдан кейін өзім жалғыз көшеге шығудан қорқам,- дейді итке таланған Владимир.

Қостанай қаңғыбас иттерден қашан құтылады

Оқушының айтуынша, ол итті ызаландырмапты. Бірақ бұралқы ит Владимирді күшіктерінен қызғанған болуы мүмкін. Сол арада оның күшіктері болыпты. Владимир бұл итті бұрын мектептің ауласында ешкімге зәбірі жоқ үріп жүргенін талай көріпті. Осы оқиғадан кейін Владимир  мектепке баратын жол қысқа болса да, оны айналып өтіп жүр. Екі жыл бұрын дәл осы жерде ит сыныптасына шабуыл жасаған көрінеді.

Бірақ күшіктер мен жүрген жерімнен алыс, бұталардың арасында болды. Қазір мұнда күшіктері де, ит те жоқ. Соңғы кезде біздің Қостанайда қаңғыбас иттер көбейіп кетті. Бұрын біз қаңғыбас иттердің бірен- саранын байқасақ, қазір олар топтасып алып алты-жетіден жүретін болды, - деп күрсінеді Владимир.

Баласын  ит қапқан күннің ертеңінде таңнан тұрған Владимирдің анасы Ольга Змиевская қаладағы бұрынғы қаңғыбас иттерді аулайтын арнайы қызметке қоңырау шалыпты. Бірақ қазір көше кезген бұралқы иттерді аулауға заңмен тиым салынғанын естігенде төбе шашы тік тұрған.

Мен бұдан әрі не істеу керектігін білмеймін. Бүгін менің балам осы қаңғыбас иттердің кесерінен зардап шекті. Ертең басқа балалар дың да зардап шекпесіне кім кепілдік беререді, - деп шыр-быр болады Ольга Змиевская .

Ольганың айтуынша, соңғы уақытта Қайырбеков көшесіндегі № 375 үйдің ауыласын торуылдап, кірген-шыққандарды аңдитын 12-ге жуық қаңғыбас иттер пайда болыпты. Мектеп жиналысында ұстаздардың тарапынан ата-аналарға қаңғыбас иттерден келетін қауіп жайында жиі айтылады екен.

Қостанай қаңғыбас иттерден қашан құтылады

Жергілікті қауіпсіздікті бақылайтын полиция қызметкерлері осы адамдарға қауіп төндіретін көшелерді бақылауға алмайды. Сол сәтте қаңғыбас иттердің мәселесі де шешілетін еді. Тәртіп сақшылары тобымен жүрген иттерді көргенде іс басқаша шешілер ме еді. Қазір кез келген адам бұрынғы ит аулау қызметіне қоңырау шала алмайды . Егер біз қоңырау шалсақ, сөзіміз зая кетеді. Заңды айтады. Егер полиция тарапынан қадам жасалса, онда мәселе шешіледі. Адамдар көшеде еркін жүруден қорықпайтын сәт қашан келеді?,- дейді Ольга Змиевская.

Біз оны талқылап жатырмыз

14 қазанда өткен облыстық маслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар бюджеттің өзгеруіне дауыс берумен қатар тұрғындар үшін тағы екі өзекті мәселені қарап шешім шығарады деп күтілген болатын. Бірақ, халық үміт күткен депутаттардың жиыны қазынаның қаржысын үлестіріп берген соң аяқталып қалды. Енді осы облыстық маслихаттың кезектен тыс сессиясында қозғалмай қалған екі мәселеге тоқталсақ. Олар үй жануарларын ұстау мен серуендету ережелері мен  тұрғындарға қауіп төндірген жабайы мысық пен иттерді аулау, уақытша ұстау нормаларын бекіту болатын. Өкінішке орай, бұл мәселені талқылау 17 қазанға шегерілді.

Ветеринария басқармасы ұсынған өзгерістер енгізу жөніндегі облыстық жоба 17 қазан дүйсенбіге дейін кейінге қалдырылды, өйткені ол әлі де ҚР Әділет министрлігінде келісуден өтуде екен.

Қостанай қаңғыбас иттерден қашан құтылады

Біз ынтымақтастыққа алғашқы қадамдар жасап жатырмыз.14 қазанда облыстық мәслихаттағы сессияда осы тұрғындардың бас ауруына айналған иттер мен мысықтарды ұстайтын арнайы орындарды  субсидиялау мәселелері талқылану керек еді. Сондай-ақ қаңғыбас жануарларды аулау мәселесін талқылау жоспарланды. Ал бұл сұрақтардың неге күн тәртібінде қозғалмауының басты себебі бар. Облыс аумағында қолданысқа енгелі отырған жабайы иттер мен мысықтарға байланысты ережелер ҚР Әділет министрлігінде талқылап жатырмыз,- деді ветеринария  басқармасының басшысы Ақат Шектыбаев.

Қостанай қаңғыбас иттерден қашан құтылады

Дегенмен 27 қыркүйекте өз үйінің ауласында жабайы итке таланған Владимир  мен оның анасы қаншама рет қала билігіне шағым түсірсе де, ит аулайтын арнайы қызмет мамандарын келтіре алмапты. Осылайша депутат ағалары бір шешім шығарғанша мектептегі оқушылар білім алу үшін жандарын шүберекке түйіп барып жүр.

Өзгелердің жаңалығы