Қостанай өңірлік университетінің студенттеріне заманауи жатақхана берілді

22 Қазан 2024, 03:29
279
Бөлісу:
Қостанай өңірлік университетінің студенттеріне заманауи жатақхана берілді
Фото: gov.kz

Қостанай облысында Республика күні қарсаңында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттеріне арналған жаңа заманауи жатақхана ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олыс әкімі Құмар Ақсақалов өз сөзінде студенттердің өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды бөлігі болып табылатынын атап өтті.

Жастарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету оларға оқу процесіне жақсы бейімделуге және білім алу үдерісіне көңіл бөлуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті әкім.

1 млрд. теңге көлемінде жеке инвестицияларға салынған жаңа жатақхана 320-дан астам студентті қабылдай алады. Барлық бөлмелер толығымен жиһазбен, душ кабиналарымен, санитариялық тораптармен жабдықталған. Әр қабатта ас үй, кір жуатын бөлмелер және нәрселерді сақтау орындары бар. Сонымен қатар, ғимаратта фитнес-клуб, дүкен және салон ашу жоспарлануда.
Жатақхана пайдалануға берілгеннен кейін университет студенттерінің баспанаға деген қажеттілігі толығымен жабылды.
Сондай-ақ, әкім соңғы үш жылда облыста 2,3 млрд.теңге сомасына екі жатақхана салынғанын атап өтіп, студенттердің тұрғын үй жағдайын жақсарту жоспарлары жөнінен айтты.

Біздің істеп жатқан жұмысымыз жатақханалардағы орындардың жетіспеушілігі мәселесін шешуге және еліміздің кадрлық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді, - деп толықтырды Құмар Ақсақалов.

Өзгелердің жаңалығы