Қостанай облысында қайтарылған активтер есебінен су құбыры жүйелері салынды

2 мыңнан астам тұрғын ауыз сумен қамтылды.

 freepik.com Бүгiн 2026, 18:17
Бүгiн 2026, 18:17
189
Фото: freepik.com

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Первомайское, Көктал, Юльевка және Новоселовка ауылдарында мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен су құбыры жүйелерінің құрылысы аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әулиекөл ауданының Первомайское, Көктал, Юльевка және Новоселовка ауылдарында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен жүзеге асқан су құбыры жүйелерінің құрылысы толық аяқталды, – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, 77,6 шақырым су құбыры тартылып, су тарату пункттері орнатылған. Соның нәтижесінде 2028 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді: оның ішінде Первомайское ауылында – 564 адам, Көкталда – 520, Юльевкада – 447, Новоселовкада – 497 тұрғын.

Жалпы 2025 жылы Қостанай облысында қайтарылған активтер есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 16 жоба жүзеге асырылды. Биыл тағы тоғыз денсаулық сақтау және білім беру нысанын салу мен жаңғырту жоспарланып отыр, – деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Наверх