Қостанай облысындағы бірқатар жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Жол қозғалысын 2026 жылғы 16 наурыз күні сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

 freepik Кеше 2026, 23:55
Кеше 2026, 23:55
207
Фото: freepik

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысы аумағындағы бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шектеу 2026 жылғы 15 наурыз күні сағат 23:30–дан бастап келесі жол учаскелерінде қолданылады:

  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы автожолы» 555-682 шақырым аралығы (Тобыл қаласы – Сарыкөл кенті);
  • «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ автожолы» 320-501 шақырым аралығы (Бестөбе кенті – Рудный қаласы);
  • «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолы» 8-218 шақырым аралығы (Тобыл қаласы – Октябрьский кенті).

Жол қозғалысын 2026 жылғы 16 наурыз күні сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Жүргізушілерге сапарларын алдын ала жоспарлап, ауа райы жағдайын ескеру ұсынылады.

Наверх