Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қостанай облысындағы ауыл қайтарылған активтер есебінен ауызсуға қол жеткізеді

7 Тамыз 2025, 18:39
634
Бөлісу:
 gov.kz
VIDEO
Фото: gov.kz

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Михайловка ауылында прокуратура қайтарған мүлік тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл қаражат 16 шақырым су құбырын тартуға жұмсалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысы прокуратурасының мәліметінше, қазіргі таңда ауыл тұрғындарының ауыз суды пайдалануы шектелген: су көзі тарату пункттері болып табылады.

Су құбырын пайдалануға беру Михайловка ауылының 500-ден астам тұрғынына орталықтандырылған сумен жабдықтауға ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Әлеуметтік нысан биыл аяқталады деп жоспарлануда, - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Мердігер құрылыс жұмыстарының мерзімін қатаң сақтауға және сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.

Құрылыс барысы мен қаражаттың жұмсалуы облыстық прокуратураның бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы