Қостанай облысында жоғалған малшы табылды

Қостанай облысында құтқарушылар жоғалған малшыны тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 1 Ақпан 2025 2025, 00:30
1 Ақпан 2025 2025, 00:30
970
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Қостанай облысында құтқарушылар жоғалған малшыны тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, таңертең Қостанай облысы Шөптікөл ауданында 1986 жылы туған ер адам жылқы іздеуге кетіп, үйіне оралмаған. Алаңдаған туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

Құтқарушылар жедел түрде іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Белгілі болғандай, ер адам далада адасып кеткен, ұялы байланыс болмаған, бұл іздестіруді қиындатқан, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Кешке іздестіру тобы Амангелді ауылынан 45 шақырым жерде жоғалған адамды тауып. Құтқарушылар оған қажетті көмек көрсетті. Ер адам аман есен үйіне жеткізілді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Наверх