Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қостанай облысында сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды

Бүгiн, 08:15
174
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Қостанай облысында ауа температурасының –28…–30°C дейін төмендеуі және желдің күшеюіне байланысты 2026 жылғы 22 қаңтарда бірқатар елді мекендерде бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай қаласындағы колледждерде бірінші ауысымның 1-2 курс студенттері онлайн оқуға көшті. Ал 3-4 курс студенттерін қашықтан оқытуға ауыстыру туралы шешімді колледж директорлары дербес қабылдайды.

Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай қаласы мен Білім бөліміне қарасты елді мекендердегі мектептердің бірінші ауысымында оқитын 1-11 сынып оқушылары қашықтан білім алуда.

Алтынсарин және Бейімбет Майлин аудандарында да –30°C дейінгі аязға байланысты 0–11 сынып оқушылары үшін бірінші ауысым онлайн форматқа ауыстырылды.

Өзгелердің жаңалығы