Қостанай облысында наубайханада заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды

12 Желтоқсан 2022, 14:12
1504
Бөлісу:
Қостанай облысында наубайханада заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды

Қостанай облысында екі шетелдік наубайханада заңсыз жұмыс істеген, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қостанай облыстық көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шара жүргізу барысында нан-бөлке өнімін шығаратын нысанда заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының екі азаматын анықтады. Шетелдіктер көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабы 5-тармағы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Материалдар сотқа жолданды. Бұл бап бойынша олар ҚР аумағынан шығарылуы немесе айыппұл төлеуі мүмкін, – деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаментінен.

Шетелдік жұмыс күшін тартқан наубайхана иесі де жазалануы мүмкін.

Айта кетсек, жыл басынан бері ҚР аумағында болу ережесін бұзған 100-ден астам шетелдік жауапқа тартылған.

Өзгелердің жаңалығы