Қостанай облысында күдіктіге электронды кісен салынады

24 Сәуір 2022, 06:49
1214
Бөлісу:
Қостанай облысында күдіктіге электронды кісен салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде бұрын сотты болған жеке басы әлі де күдік тудыратын азаматтарға электронды білезік тағыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймаққа 500-ге жуық бақылау құрылғысы жеткізілді.Мұның көмегі – қылмыстың алдын алады, дейді пробация қызметінің өкілдері. «Ақылды» техника адамның қайда жүргенін көрсетеді. Егер оны шешпек болса бірден хабар түседі. Қазір облысқа мың жарымға жуық осындай білезік қажет. Әзірге оның үштен бір бөлігі ғана алынды.

Білезікте нұқсан келтіруге, шешіп алуға қарсы бергіш орнатылған. Сотталушы айыбын өтеу тәртібін бұзатын жағдайда біздің ұялы телефонға, планшетке немесе арнайы платформаға хабарлама келеді. Егер адам түзу жолға түспесе, онда заңға сәйкес пробация қызметі оны сотқа беруге құқылы. Яғни бас бостандығынан шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруды талап ете алады, – деді қалалық пробация қызметінің аға инспекторы Кәрім Серікбаев.

Өзгелердің жаңалығы