Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қостанай облысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ұсталды

Бүгiн, 06:12
120
Бөлісу:
 Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы
Фото: Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы

Қостанай облысында Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспанов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталып, сот оны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомство өкілінің ұсталғанын растады.

Қостанай облысы бойынша ҰҚК департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерболат Доспановтың ұсталғанын хабарлады. Ол қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында өтіп жатыр, – деді облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сот Доспановқа қатысты қамауға алу туралы шешім шығарды. Қылмыстық істің өзге деректері ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы