Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қостанай облысында 8 жасар баланы ұрып-соққан

7 Сәуір 2025, 06:47
878
Бөлісу:
 Фото: depositphotos.com
Фото: Фото: depositphotos.com

Лисаков қаласында тұратын 8 жасар балаға дене жарақатын салу фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облыстық ПД мәліметінше, бала демалыстан шыққаннан кейін сабаққа келмеген соң дабыл қаққан.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіледі (жауап алу жүзеге асырылады, сараптама тағайындалады).Бала туралы ақпарат ағымдағы жылдың 3 сәуірінде қорғаншылық органдары мен мектеп әкімшілігінің өкілдерінен келіп түсті, себебі бала демалыстан кейін сабаққа бармаған», - делінген ПД хабарламасында.

Баланың денсаулығын қорғаумақсатында ювеналды полиция қызметкерлері оны арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына орналастырды.

Қазіргі уақытта ол биологиялық әкесімен бірге.Тергеу бақылауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы