Қостанай облысында 4 адам уланып қаза тапты

Оның үшеуі бала

 pixabay.com 18 Қараша 2024 2024, 09:16
18 Қараша 2024 2024, 09:16
1317
Фото: pixabay.com

Қостанай облысы Амангелді ауданында 4 адам уланып қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы оқиға 17 қарашада, сағат 13:00 шамасында Амангелді ауданы, Тақты ауылдық округінің Қарынсалды ауылында болған.

Төрт адам, 1957 жылғы ер адам және 2021, 2022, 2016 жылы туған балалар уланып қаза болды.

Отбасының әкесі, анасы, сондай-ақ олардың 2020 жылы туған ұлы Арқалық қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Наверх