Қостанай облысының оңтүстігіндегі су тасқынынан зардап шеккендер үйлеріне қайтуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Сонымен қатар, ҚР ТЖМ 52859 бөлімінің әскери қызметшілері Тобыл және Қостанай қалаларында жағалауды нығайту жұмыстарын жалғастыруда.
Тәулік ішінде 2000-нан астам инертті материал салынған қапшықтар төселді.