Қостанай облысы электр энергиясын күн мен желден алмақ

24 Қараша 2023, 17:50
771
Бөлісу:
Қостанай облысы электр энергиясын күн мен желден алмақ
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Қостанай облысының әкімі өңірдің әлеуеті туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үлесін ұлғайту туралы тапсырмасын орындау мақсатында келесі жылы қуаты 40 МВт газ поршеньді электр станциясын және облыстағы қуаты  22 МВт бірінші күн электр станциясын салу басталады, - деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар биыл Арқалық қаласының маңында құны 24 млрд теңгеден асатын 48 МВт жел электр станциясы пайдалануға беріледі.  

Аталған нысандарды пайдалануға беру облыстың меншікті электр энергиясын өндіруді 110 МВт-қа немесе 32%-ға ұлғайтады.  Жаңартылатын энергия көздерін енгізу энергиямен қамтамасыз етудің сенімділік деңгейін арттыруға оң әсерін тигізеді, қоршаған ортаға көмірқышқыл газының шығарындылары қысқарады, сондай-ақ жаңа жұмыс орындары ашылады, - деді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы