«Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолының Әулиекөл ауылынан Октябрьское ауылына дейінгі аралығы көліктің барлық түрі үшін жабық, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.
«Қостанай өңірінде ауа-райының күрт нашарлауына байланысты (қатты жел, көрінудің төмендеуі, боран) «Қостанай-Әулиекөл-Сурған» тасжолының Әулиекөл ауылынан Октябрьское ауылына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді»,-делінген хабарламада.