15 шілде күні сағат 22:14-те Қосшы қаласының полиция бөліміне "Нұрай" ТК көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт болғандығы туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы уақытқа дейін өрт тұрғын үйдің 4 қабатын шарпып және көрші ғимараттарға таралуы мүмкін еді, куәгерлер хабарлағандай, жанып жатқан пәтерде адамдар қалған. Олардың үшеуі кәмелетке толмаған балалар болған.
Сол жерде үшінші қабатқа арқанның көмегімен өрт тұзағына түскен адамдарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Полиция қызметкерлері мен тұрғындардың жедел әрекеттерінің арқасында өрттен 3, 10, 11 жастағы кәмелетке толмағандар, 18 жастағы қыз, 29 жастағы әйел және 50 жастағы ер адам эвакуацияланды. Оқиға орнында ТЖБ жеке құрамы да болды, - делінген хабарламада.
Өрттің салдарынан жәбір көргендер Астана қалалық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің қарауынан кейін үйлеріне жіберілген.
Қазіргі кезде 3 подъезд тұрғындары толық эвакуланып, орындаушы органдармен 10 тұрғын қонақ үйге орналастырылды.