Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қосшыда ақылды камералары бар полицияның Жедел басқару орталығы іске қосылды

Бүгiн, 15:16
161
Бөлісу:
 polisia.kz
Фото: polisia.kz

Қосшы қаласында заң мен тәртіп қағидатын нығайтуға, сондай-ақ қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қалада 1000 жаңа бейнебақылау камерасы іске қосылып, бұған дейін орнатылған тағы 500-ге жуық камера жасанды интеллект элементтері бар бірыңғай зияткерлік платформаға біріктірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz. Барлық бейнеағындар тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейтін қалалық жаңа Жедел басқару орталығына шоғырландырылады. Орталық қоғамдық ахуалды тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді.

Орталықтың жұмысымен Ішкі істер министрі Ержан Саденов және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов танысты. Жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында Ішкі істер министрлігінің, Ақмола облысы әкімдігінің және Freedom компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды.

Ішкі істер министрі Ержан Саденов атап өткендей, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі элементі болып саналады. 

 Бүгінде біз "Заң мен тәртіп" қағидатын жүйелі түрде жүзеге асырып келеміз, мұнда технологиялар полицияның сенімді көмекшісіне айналуда. Зияткерлік бейнебақылау жүйелері құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға ғана емес, олардың алдын алуға да мүмкіндік береді. Бұл – азаматтардың қауіпсіздігіне және қалада қолайлы ортаны қалыптастыруға қосылған нақты үлес. Осындай жедел басқару орталықтары облыстың барлық аудандарында бірдей стандарттар бойынша құрылып, жабдықталуы маңызды. Бұл құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде бірыңғай тәсілді қалыптастырып, кез келген оқиғаға жедел әрі пәрменді әрекетті етуге мүмкіндік береді, – деді министр.

Жедел басқару орталығы мониторинг пен әрекет етудің бірыңғай нүктесі ретінде қалыптастырылған. Мұнда полиция департаментінің қызметкерлері мен әкімдіктің коммуналдық қызметтері бірлесіп жұмыс атқарады.

Өзгелердің жаңалығы