Ақмола облысының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қосшы қаласының прокуратурасымен "Қосшы қаласының №1 қалалық емханасы" ШЖҚ МКК жұмысын талдау барысында жеткізілген тауарлар үшін келісімшарттар бойынша бір ай ішінде төленуі керек болған ақшалай қаражатты жарты жылдан астам уақыт бойы төлемеу арқылы 92 кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілері анықталды.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша бүгінгі күні 15 бизнес субъектілеріне 4,5 млн теңгелік берешек төленді. Қалған кәсіпкерлерге берешек бір ай ішінде төленетін болады, - деп хабарлады Ақмола облысының прокуратурасы.
Бұл бағыттағы жұмыс Қосшы қаласы прокуратурасының бақылауында.
Оқи отырыңыз: